24-қыркүйек. Turaninform. АҚШ президенті Кремльдің қазіргі күйін нашар дегенге келтіріп, Украина өз жерін Ресейден толығымен қайтара алатынын мәлімдеді. – … Украина Еуропалық Одақтың қолдауымен соғыса отырып, бұрынғы аумағын да қайтарып алуға шамасы келеді деп ойлаймын, – деп жазды Д. Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Оның сөзінше, Украина тіпті Ресей территориясына да өтуі мүмкін екен. Ол Ресейді қағаздан жасалған жолбарысқа теңеді.
Сонымен қатар, Д. Трамп Ресейдің әскери ұшағы НАТО-ға мүше елдердің территориясына ене қалса, атып құлатуды құптайтынын білдірді.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР