29-тамыз. Turaninform. Д. Трамп АҚШ Венесуэламен тарихтағы ірі мұнай келісіміне қол жеткізгенін мәлімдеді. Соған сәйкес, әлемнің ең ірі экономикасына ие мемлекет, мұнай қорынан әлемнің нөмірі бірінші еліне $100 миллиард инвестиция құяды. Ақ үй басшысының сөзінше, бұл келісім ойдағыдай іске асса, Венесуэланы орасан табысты жолға, зор гүлденуге бастайды. Венесуэла президенті қызметінің міндетін атқарушы Д. Родригес болса, бюджетке 209 млрд. АҚШ доллары көлемінде салық түсіретінін жазды.
АҚШ не ұтады? Венесуэланың 65 миллиард баррельден астам мұнайын бақылайды. Аз емес, әрине. Венесуэланың бүкіл мұнайының кемі 20%-ы.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР