19-тамыз. Turaninform. Әлем бойынша алып компаниялардың ондығында келе жатқан Meta соттан сотқа сүйрелуде. Егер, алдағы сотта жеңілсе, Facebook пен Instagram-да әжептәуір өзгеріс енгізілуі мүмкін. Мәселен, 18 жасқа дейінгілердің парақшасынан лайк есебін қоюды жою, бірнеше аккаунт ашуға тыйым салу, тоқтамай шыға беретін лентаны шектеу және т.б. талап қойылған. Мұның үстіне шағымданушылардың өтемақы ретінде сұрап отырған сомасының жалпы көлемі 1 трлн. АҚШ долларынан асып түседі екен!
Әлеуметтік желілердің адам психикасына теріс әсері бары туралы бұған дейін де айтылып келді. Дегенмен барынша дұрыс пайдаланғанға оң тұстары да аз емес…
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР