19-тамыз. Turaninform. Тайвань билігі халыққа бір реттік төлем ретінде, 236 миллиардқа жуық тайваньдық доллар таратайын деп отыр. Қазақстанның ұлттық валютасына шақсақ, әрбір тұрғынына шамамен 150 мың теңгеден келеді. Ақша таратуға не себеп болды? Тайвань экономикасы биылғы жартыжылдық бойынша алғанда, 14,15%-ға өскен. Бұл соңғы жарты ғасырдағы рекордты көрсеткіш саналады.
Сонымен қатар, экономиканың осынша өсімі, жалақыны арттыра түсуге, салықты азайтуға және т.б. оң әсерін тигізген.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР