24-тамыз. Turaninform. Швейцарияда білікті мамандар мен қатардағы жұмысшылар тапшы. Бүгінгі күні 85 мың адам керек делінсе, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 365 мыңға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Grani.lv сайты мәлімдеді. Жалақысы да талай елдің халқы үшін арман: шамамен 3,5 мыңнан 6 500 еуроға дейін барады.
Мынадай мамандар тапшы көрінеді:
● Дәрігерлер;
● Жүргізушілер;
● Білікті жұмысшылар;
● IT мамандары;
● Мұғалімдер;
● Инженерлер;
● Ресторан және қонақ үй қызметкерлері және т.б.
Дегенмен Швейцарияға кім көрінген барып, жұмысқа тұруы оңай емес. Себебі, алыс-жақын еуропалық елдерден де сонда барып, жұмыс істегісі келетіндер бар.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР