15-қыркүйек. Turaninform. Биылғы шілдеден тамызға дейінгі уақытты алғанда, еуропалықтардың ішкі ұшақпен қыдырысы артты. Eurocontrol мәліметіне қарағанда, күніне орташа есепте 35 959 рейс жасалған. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, бұл 2,4%-ға артық.
Он төрт мемлекетте рекордтық деңгейде әуе рейсі тіркелген. Тәулік бойынша алғанда. Мұның ішінде Албания, Грекия, Ирландия, Испания, Молдова, Монтенегро және т.б. елдер бар.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР