2-қазан. Turaninform. Құрманғали Қалмахан. Бүгін дүние жүзінің алып он компаниясының құндарында бірыңғай өсім болды. Сонымен ондықты әлі де NVIDIA бастап келеді. Аталған компанияның капиталдану көлемі 5,66 триллион АҚШ долларын көрсетіп тұр. Орасан зор сома, әрине. Экономика көлемінен әлем бойынша үшінші ел Германияның ЖІӨ көлемінен асып тұрғасын, басқа не деуге болады… Ал, екінші орында тұрған Apple-дің көреткіші де аз емес. Еер, мемлекет деп шартты түрде алсақ, Жапонияны артқа тастап, экономика көлемінен төртінші орынға шығар еді! Ондықтың ортасын қыздыра түскен, жаңа компания бар ма дегенге келсек, SpaceX-ті атауға болады. Басында И. Маск тұрған ғарыш компаниясының құны бүгін $2 триллионның үстіне шықты.
Ондықтың толық тізімі болса, төмендегідей:
1. NVIDIA;
2. Apple;
3. Alphabet (Google);
4. Microsoft;
5. Amazon;
6. TSMC;
7. SpaceX;
8. Meta Platforms (Facebook);
9. Broadcom;
10. Saudi Aramco.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР