30-қыркүйек. Turaninform. Биыл әлем 9 миллиард тоннаға жуық көмір пайдалануы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттік мәлімдеді. Егер, болжам дәл келсе, былтырғыдан бұл 1,2%-ға артық болмақ.
Әлемдік деңгейде көмірге деген сұраныстың артуына бір емес, бірнеше себеп әсер етіп жатқан көрінеді. Соның ішінде, Ормуз бұғазының жұмыс ырғағы бұзылуы, климаттық өзгеріс және т.б. бар. Жекелеген елдер бойынша алсақ, Қытай, Жапония, Үндістан, Корея Республикасында көмір пайдалану көрсеткіші әжептәуір өсуі ықтимал делінеді.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР