Елордалық №36 қалалық бағдардың жолы тағы да өзгереді

Елордалық №36 қалалық бағдардың жолы тағы да өзгереді

Астана қ. 6-қазан. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев

Бүгіннен бастап қалалық №36 маршруттың соңғы аялдамасы «Гуманитарлық заң колледжіне» дейін созылады. Автобус «Көктем» аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Бөгенбай батыр даңғылы – Бейбітшілік к-сі – соңғы аялдама «Гуманитарлық заң колледжі». Кері бағытта Молдағұлова көшесі арқылы осы сызба бойынша жүрмек.

№ 36 маршруттың бұл жолғы өзгерісі де онша көңілден шықпайтындай. Бұрынғы «Шанхай» базарына дейін баратыны көпшілікке қолайлы еді. Бір жақ соңғы аялдамасы – сонау «Қараөткел» ауылынан жұртшылықтың қалың бөлігі «Әлем», «Шапағат», «Әсем» сауда үйлерінен, Орталық, Шанхай базарларынан қалаған заттарын алу үшін қиналмай бір маршрутпен жетіп баратын. Ал, қазір, бірнеше маршрутпен баруға мәжбүр.

Бұл көпшіліктің айтып жүрген ойларының қорытындысы десек болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0