Мәскеуде қазақ руханиятына арналған «Елім менің» олимпиадасы өтті

Мәскеуде қазақ руханиятына арналған «Елім менің» олимпиадасы өтті

24-қазан. Turaninform. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мәскеу қаласында қазақ тілі мен мәдениеті және тарихына арналған олимпиада өтті. Іс-шара атауы ˗ «Елім менің».

“Онда Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері және жергілікті студенттер бақ сынады. Сондай-ақ 9 жастағы қатысушылар да қарым-қабілеттерін байқап көрді. Олимпиаданың алғашқы кезеңі мамыр айында өткен. Ал ақтық сынға үздіктері іріктелді. Олардың білім деңгейін Ресей ғылым, филология және әдебиет академиясының оқытушылары бағалады. Сөйтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, Мәскеу лингвистикалық университетінде марапатталды” (BAQ.kz)

Мәскеуде 10 мыңдай қазақ өмір сүруде делінеді. Олардың дені зиялы қауым өкілдері ˗ ғалымдар, журналистер, ақын-жазушылар, кино саласы мамандары т.б. Сонымен қатар, олардың ішінде бірнеше ұрпағы сонда туып-өскен қазақтар да бар екені белгілі.

Фото www.qazaq-alemi.kz сайтынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0