Астанада қазақша онлайн-контент жасаушылардың VII-форумы өтеді

Астанада қазақша онлайн-контент жасаушылардың VII-форумы өтеді

Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді 30 мамыр күні Астана қаласында өтетін қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII QAZAQFORUM-ына шақырамыз. Форумның басты тақырыбы: “Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа”.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өтетін форумның мақсаты – қазақ тіліндегі контенттің сапасын арттыру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану және медианың болашақтағы даму жолдарын талқылау. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева форумның ресми ашылуында сөз сөйлеп, панельдік сессияның спикері болмақ.

QAZAQFORUM туралы толық ақпаратты http://www.qazforum.kz сайтында және @qazaqforum Инстаграм парақшасында таба аласыздар.

БАҚ өкілдері үшін:  аккредитациядан өту  бойынша  8 747 373 12 16 арқылы Мейрамкүлге хабарласуды сұраймыз. Аккредитация 29 мамыр күні сағат 12.00-де жабылады.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0