Қызылорда облысында күріш өсіру тарихы музейі ашылды

Қызылорда облысында күріш өсіру тарихы музейі ашылды

Қызылорда. Қазан айы. Turaninform. Рухани дүние тағы бір жаңалықпен толықты. Дархан даламыздың дара тұлғаларының бірі, кеңестік кезеңде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына орай өзінің атындағы ауылда күріш өсіру тарихы музейі ашылды.

“Облыс әкімі мұражайға күріш дәндерінен жасалған картинаны сыйға тартты. Мұражай қорында 10 мың экспонат сақтаулы, оның ішінде Жақаевтың өзі тұтынған заттары мен жұмыс құралдары бар. Сонымен қатар Шиелі кентінде құрметті азаматтар аллеясы ашылды” деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ыбырай Жақаев 1929-1967-жылға дейін Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Ы.Жақаев атындағы (бұрынғы “Қызылту”) ауылда күріш звеносының жетекшісі болып еңбек еткен. 1947-жылы өзіне бекітіліп берілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 центнерден өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаған делінеді.

Фото Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0