5-қараша. Turaninform. Бұл туралы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабар таратты. «2016 жылғы қыркүйекте РФ-ның «Калининградский тарный комбинат» ААҚ («Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек ет консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 13 ақпан), «Орелпродукт» ЖАҚ («Сиырдың бауырынан дайындалған паштет» ет-өсімдік консервілері. «Стерильденген паштет» консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 15 желтоқсан) және ҚР-ның «Рубиком» ЖШС («Астана» піскен шұжығы, өндірілген күні 2016 жылғы 10 тамыз) өндірушілерінің тұтынушыларды алдағаны белгілі болды» делінген аталған комитеттің ресми сайтында.
Алдағанда да бері емес, алысқа кеткен. Мәселен, шошқа етінің қосылғандығы туралы қаптамада мәлімет жоқ көрінеді! Керісінше, өнім сиыр етінен жасалған деп жалғандатқан!
«Сәйкессіздікті анықтау фактісі бойынша жоғарыда көрсетілген Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының өндірушілеріне бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберілді» депті тиісті комитетіміз.
Халал тағамдардың саны артты деп жүргенде, мұндай оқиғаның орын алуы жақсы емес…
ПІКІРЛЕР