37 аса проблемалық нысан Астана әкімдігінің бақылауына алынды

37 аса проблемалық нысан Астана әкімдігінің бақылауына алынды

Елорда әкімінің орынбасары Сергей Хорошун төрағалық ететін ведомствоаралық комиссия тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелерін қарау және шешу бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізіп отыр. Бүгінгі күні 37 аса проблемалық нысан және жұмыс өндірісі кестесінен едәуір кешігулерге жол берілген 29 құрылыс ВАК-тың бақылауына алынған.

Бүгінде негізгі мәселе инвестициялау, алдын ала сату-сатып алу және бірлескен қызмет туралы келісімдерді заңды айнала отырып жасаған құрылыс салушылар болып отыр.

Проблемалық нысандарға инвестициялау келісімдеріне қол қойған жеке инвесторлардың саны 37 нысанда 9 мың адамды құрайды.

Осы ретте, «Азбука жилья» компанияларының нысандарына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Инвесторлардың жалпы саны 3355 адамды құрайды, олар барлық нысандар бойынша тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін құрған және ВАК жұмысының шеңберінде нысандардың құрылысын аяқтау тетіктері әзірленді.

«Орал Дизайн Строй Сервис» ЖШС тұрғын үй кешені бойынша инвесторлардың жалпы саны 500 адамнан асады. ВАК ұсыныстарына сәйкес мұнда да ТҚК құрылып, инвесторлардың және мемлекеттік құқықтарын қорғау алгоритмі жасалды. Осы жұмыс шеңберінде прокуратура инвестициялау туралы жасалған келісімдерді бұзу, келісімдер бойынша төленген сомаларды қайтару, құрылысты өз бетімен аяқтау үшін ТК-ны ТҚК-ге өндіріп алу туралы сотқа шағым түсіру жоспарланған.

«Төленді» ТҚК нысандары («Аниса», «Аниса-2», «Аниса-3» тұрғын үй кешендері, «Көктал» ТК, «Столичный-2» ТК, «Абат» ТК, «Тельман» ТК) бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізілуде және қажет құжаттарды рәсімдеу бойынша қолдау көрсетіледі.

«Әл-баракат» компаниялар тобының алты нысанынан «Прага» ТК бойынша ғана құрылыс басталды, оның инвесторлары құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін ТҚК құрды. Қалған бес нысан («Ак Жар» ТК, «Шарджа» ТК, «Токио» ТК, «Тенгиз» ТК, Тұран даңғ. КТК) бойынша инвесторлар бір ТҚК құрып, оған жер телімі бөлініп, инвесторды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Басшылары сотталған «Каз Шейх Инвест» ЖШС-інің инвесторлары да осындай жұмыс жүргізді. Аталған нысанның инвесторларының саны 40 адамды құрайды, олар да ТҚК құрды.

«ҚазГазАстана» компаниясының нысандары бойынша ІІД құрылтайшы Д. Ахмедияровқа қатысты қылмыстық іс қозғады, ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

«Марсель», «Алтын ұя», «Зере» және «Зере-2» ТК бойынша инвесторлардың жалпы саны 282 адамды құрайды, бұл нысандарда құрылыс мүлдем жүргізіліп жатқан жоқ. ВАК жұмысының шеңберінде құрылысты өз беттерімен бітіру үшін аталған нысандарды ТҚК-ге беру мәселесі қарастырылуда.

ВАК жұмысы шеңберінде «Квартира НС» ЖШС үш нысаны бойынша олардың құрылысын аяқтау үшін инвестор анықталды. Қазір «Майр-7» ЖШС дайындық жұмыстарын жүргізіп, құрылыс нысандары бойынша жағдайды саралауда.

«Тамыз Инвест Групп» АҚ бес нысанының құрылысы рұқсат құжаттарсыз аяқталды.

«Жастар-4» ТК бойынша «Бахыт-11» ЖШС құрылысты жобадан аутқып жүргізу, және пәтерлерді заңсыз сату әрекеттері анықталды. Қазіргі кезде әкімдіктің қолдауымен жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шығарылды. Қазір құрылыс қайта жандандырылды.

ВАК жұмысы шеңберінде «Арыстан» тұрғын үй кешенінің инвесторларына құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін ТҚК ұйымдастыру туралы ұсыныс берілді.

Әр апта сайын ВАК отырыстарында қалған нысандар бойынша жағдай туралы үлескер-инвесторлардың бастамашыл топтарының ақпараттары тыңдалады.

ВАК мүшелері қолданыстағы заңнаманың шеңберінде құрылыс салушыларға нысандардың құрылысын аяқтауда қолдау көрсетіп отыр. Құрылыс салушы тарапынан нақты жұмыс жүргізілмесе, құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін нысандарды ТҚК-ге беру бойынша сот процедураларын жүргізу ұсынылады. 2014-2016жж. ВАК қызметінің арқасында 20-ға жуық проблемалық нысанның құрылысын аяқтау мәселелері шешімін тапқан.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Фото 24 kz-тен алынды

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0