17-қараша. Turaninform. Баспана алу – еліміздегі әлеуметтік күрделі мәселелердің бірі. Кей қалаларда тіптен күрделілеу. Мәселен, Астанада. Дегенмен мәселе азая түсетіндей. Өйткені, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің мәлімдеуінше, келер 5 жылда елордада 10 млн м²-ден астам тұрғын үй салу көзделініп отыр.
«…Тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайынғы өсім қарқыны Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың шеңберінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудың арқасында сақталып отыр.
Біз әлемнің жаһандық қалаларының даму тәжірибесін зерттеп, алдағы перспективаларының және негізінен қаланың бағдарламалық құжатында іске асыру жолдарының кешенді көрінісі әзірленді. Қаланың келешектегі дамуы экологиялық таза технологияларды және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді абаттандыруды өзара байланыстыру арқылы қарастырылуда» (Астана қаласы әкімнің баспасөз қызметі), депті елорда әкімі Ә.Исекешев.
Астана қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдың өткен он айында 1 807 мың м2 көлем болатын 16 671 пәтер пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сондай уақытымен салыстырғанда 130%-ға артық көрінеді. Жақсы-ақ нәтиже. Бірақ, сапасы, бағасы қандай болатыны да маңызды мәселе…
ПІКІРЛЕР