6-желтоқсан. Turaninform. Әлемдік экономикаға тікелей әсер ететін бірден-бір табиғи байлық – мұнай екені белгілі. Былтыр мұнай қоры Жер жүзі бойынша 1,667 трлн баррельге дейін жетіпті.
Мұнай қоры бойынша бірінші орында Венесуэла тұр. 300,8 млрд баррелімен, тиісінше, әлемдік мұнай қорының 18%-ына иелік етуде. Мәліметтерге қарағанда екінші орындағы Сауд Арабиясындағы анықталған қор – 266,5 млрд баррель немесе әлемдегі мұнайдың 16%ы осы елге тиесілі. Үшінші орында – Канада (170,8 млрд. баррель). Төртіншіде Иран (158,4 млрд баррель), бесінші орында –Ирак (142,5 млрд баррель) орналасқан.
Алдыңғы бестікке жаңа ел қосылмапты. Қосыла да қоймайтындай.
ПІКІРЛЕР