1-шілде. Turaninform. Жер жүзі елдері ішінде ЖІӨ көлемінен абсолюттік бірінші орында әлі сол АҚШ келеді. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, аталған мемлекеттің экономикасы былтыр да дами келе, $27,3 триллионның үстіне шыққан. Әлемдік экономикадағы үлесі бұрынғыдан азайған. Дегенмен әлі ширегі осы елге тиесілі.
Ал, Қытай әне-міне озады делінсе де, 2030ж. дейін жете алмайтын сияқты. Арасын 10 триллионға жуық АҚШ доллары бөліп тұр.
ТОП-10 елдерінің тізімі де, алдыңғы жылмен салыстырғанда, өзгерген. Толық тізімі төменде:
1. АҚШ ($27,36 трлн);
2. Қытай ($17,66 трлн);
3. Германия ($4,46 трлн);
4. Жапония ($4,21 трлн);
5. Үндістан ($3,57 трлн);
6. Ұлыбритания ($3,34 трлн);
7. Франция ($3.03 трлн.);
8. Италия ($2,26 трлн);
9. Бразилия ($2,17 трлн);
10. Канада ($2,14 трлн).
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР