Мұнай бағасы барреліне $57­-нің үстіне шықты

Мұнай бағасы барреліне $57­-нің үстіне шықты

12-желтоқсан. Turaninform. Мұнайдың Brent маркасының бағасы лондондық биржада 5,3%-­ға көтеріліп, 57 АҚШ долларынан аса қымбаттады. Мұндай қымбаттау жыл басынан бері болмаған еді. Тіпті былтырғы жылдың жазынан бері. Мұнай бағасының жедел көтерілуіне 10-желтоқсанда ОПЕК және оған кірмейтін елдердің өзара мұнай өндіруді қысқартуға қатысты келісімге келуі әсер етті. Келісімге сәйкес, келер жылдан бастап, мұнай өндіру көлемін қысқартуы тиіс.

Мұнай бағасының артуы теңгеге өз әсерін тигізді. Ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы құны 3,19 теңгеге жоғарылап, 331,12-­ге жетті. Сонымен қатар, рубль құнының долларға қатысты қымбаттауы да өз әсерін тигізуде. Мәселен, 1 АҚШ доллары 61 рубль шамасына дейін төмендеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0