6-шілде. Turaninform. Ресейдің Омбыдағы мұнай өңдеу зауытын Украина дронмен атты. Бұл зауыттың қуаты зор: жылына 21 млн тоннадан аса мұнай өңдейді. Дрон 2 500 км қашықтықты бағындырған. Әрі Ресейдің үстімен кемі 15 сағат ұшқан көрінеді.
Осылайша, украин армиясы ірі саналатын ресейлік оннан астам мұнай өңдеу зауытын түрлі деңгейде зақымдады, қирата алды. Бүгінгі күні Ресейдің көптеген өңірінде бензин тапшы. Тіпті Мәскеуде де жетіспеушілік бар. Сондықтан Кремль кей елдерден бензин сұраған…
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР