ЕуроОдақтың Ресейге қарсы санкциясы 2017-жылдың 31-шілдесіне дейін созылды

ЕуроОдақтың Ресейге қарсы санкциясы 2017-жылдың 31-шілдесіне дейін созылды

20-желтоқсан. Turaninform. ЕуроОдақ Кеңесі Ресейге қарсы экономикалық санкцияны тағы да ұзартты. Алғашқы санкция 2014­-жылдың 31-шілдесінен басталған еді. Санкцияны созу себебі, Ресейдің Украинаға қатысты саясатымен байланысты. Кезіндегі «Минск келісімінің» орындалуын бағамдай келе сондай шешімге келген.

Ресей санкциядан аз шығын тартып отырған жоқ. Жылына $40 миллиард шығын келетінін ресейлік үкіметтің өзі мәлім етіпті! Бұл Ресейдің биылғы бюджетінің шамамен 16%-­ы! Бір оқ шығармай-­ақ, халықаралық шартты бұзған әлдебір елді тәртіпке келтіру, экономикалық қысымға алу саясатынан Батыстың өзі де ауырлық тартып отырғаны белгілі. Дегенмен, тәуелсіз елдің бейбіт өмірін бұзатын, халықаралық шартты аттап кететін мемлекетті уақытылы тежеу де керек…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0