Астанада 4 млн м² тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ете алатын энергонысандар пайдалануға берілді

Астанада 4 млн м² тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ете алатын энергонысандар пайдалануға берілді

Тəуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткен биылғы жылы елордалық энергетиктер бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып, нəтижесінде Астананың жылу қуаты 220 Гкал/сағ.-қа өсті. Энергия көздері бойынша жалпы өсім осы жылы 400 Гкал-ды құрады. Бұл 4 млн. шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев ЖЭО-2 қазанагрегаттарын салтанатты түрде іске қосу кезінде мəлімдеді.

“Астанада ұзындығы 24,8 км болатын  4 қосылым жылу магистралінің құрылысы аяқталды. Ол «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған нысандармен қатар «Мыңжылдық» аллеясы, жаңа теміржол вокзалы және қаланың оңтүстік-шығыс аудандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, бұған қоса жаңа энергия көзі ЖЭО-3, ұзындығы 15,4 км болатын  жылу магистралінің 5 қосылымы (ЖЭО-3-тен қаланың сол жағалауына дейін) құрылыстары, сонымен қатар аталған жылу желілерінің өткізу қабілетін арттыратын 10 жылу магистралін қайта құру жұмыстары жалғасуда.

«Жаңажол», «Керамика» аралық станцияларын, барлығы 70 таратқыш бекет пен трансформаторлық аралық станцияларды қайта құру жұмыстары, жаңа «Бәйтерек», «Тұран», «Самал» аралық станцияларының құрылыстары аяқталуға жақын.

Аталған жобаларды жүзеге асыру – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі нысандарын, жаңа теміржол вокзалы, «Кәсіпқор» әлемдік деңгейдегі колледжі, Интернациональный кенті, «Жасыл орам» ТК, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер мен елорданың басқа да нысандарын электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0