2-қаңтар. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Португалиялық саясаткер Антониу Гутерреш 2017жылдың 1-қаңтарынан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қызметіне ресми түрде кірісті. Мұның алдында оңтүстіккореялық Пан Ги Мун Бас хатшы болғаны белгілі.
Қызметке кірісе сала жариялаған үндеуінде: «Біздің басты мақсатымыз, жолбасшы жұлдызымыз – бейбітшілік болуы тиіс. Баршаңызды бүгінге де, әр күнге де бейбітшілік үшін күресу міндетін алуға шақырамын. 2017-жыл – бейбітшілік жылы болсын!» (webtv.un.org), – деді жаңа Бас хатшы.
Бес жылға сайланған Антониу Гутеррештің алдында үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Соның барлығының түбірі – БҰҰ беделін, ықпалын көтерумен сабақтасады десек артық болмас. БҰҰ жақсы бағытта жаңарса, күшейсе, Жер жүзі елдерінің қарапайым азаматтары да игілігін көреді деп ойлаймыз.
Фото milligazete.com.tr-ден
ПІКІРЛЕР