26-желтоқсан. Turaninform. Украин халқының 63%-ы Ресей-Украина соғысы қанша уақытқа созылса, сонша шыдауды, бастысы, жау алдында тізе бүкпеуді қалайды. Бұл туралы Киевтің социологиялық зерттеулер институты мәлімдеді. Сонымен қатар, олардың көбісі соғыс таяуда аяқталады деп ойламайды. Бар болғаны 9%-ы ғана келесі жылдың басында тоқтайды деген ойда. Ал, 14%-ы 2026ж. бірінші жартыжылдығында соғыс соңына жетеді деген сенімде.
Сауалнамаға қатысқандардың 75%-ы Кремль ұсынған бейбітшілік жоспарын мүлде қабылдамаған. Ресейлік нұсқа Украинаның іс жүзінде тізе бүгуін білдіреді. Сондай-ақ, украиндердің АҚШ-қа деген сенімі, былтырмен салыстырғанда, төмендеген. Дегенмен кепіл болғанын қалайды.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР