6-қаңтар. Turaninform. Бұрын атеизм ұстанымында болды делінген Марк Цукербергтің дінге көзқарасы өзгерген сыңайлы. Ол Фейсбуктегі парақшасында христиандық және еврейлік мейрамға байланысты құттықтау жариялаған. Сонда пікір жазғандардың бірі Маркке: «Атеист емессің бе, сен?» депті. Ол: «Жоқ. Мен иудейлік тәрбиемен өстім. Сосын әрнәрсеге секеммен, ой тастай жүріп, тағы бір кезеңді өткерген болатынмын. Бірақ, қазір, дін өте маңызды деп санаймын» (day.az) деген.
ПІКІРЛЕР