2-қазан. Turaninform. Жер жүзі бойынша миллиардерлер тізімін тағы да Илон Маск бастап тұр. Әйтпесе, таяуда ғана Ларри Эллисон деген белгілі бизнесмен артқа тастаған болатын. Ал, Илонның қазіргі байлығы жарты триллион АҚШ долларына таяп қалды! Forbes мәліметі осындай. Бұл дегеніңіз Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ЖІӨ-ін қосқандағыдан да көп. Ондықты әйгілі инвестор Уоррен Баффет жапқан. Осыдан 10-15 жыл бұрын ондықтың басында, ішінде жүрген жүрген Билл Гейтс, Карлос Слим, мына қалумен ендігі жиырмалықтан да шығатындай…
Ондықтың толық тізімі болса, төмендегідей түзілген:
1. Илон Маск;
2. Ларри Эллисон;
3. Марк Цукерберг;
4. Джефф Безос;
5. Ларри Пейдж;
6. Сергей Брин;
7. Бернард Арно және отбасы;
8. Дженсен Хуанг;
9. Стив Баллмер;
10. Уоррен Баффет.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР