Астананың вокзал маңы алаңында ақылы тұрақ жүйесін енгізуге дайындық жүргізілуде

Астананың вокзал маңы алаңында ақылы тұрақ жүйесін енгізуге дайындық жүргізілуде

2017-жылдың 10 қаңтарынан бастап вокзал маңы аумағындағы тұрақ ақылы болады. «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасы шеңберінде енгізілетін ақылы тұрақ жүйесі вокзал маңындағы алаңда көлік құралдарының айналымын 30-40%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қоғамдық көлікке сұраныс 15-20%-ға артып, аудандағы жолдар желісіне жүктеме 20-30%-ға азаяды деп күтілуде. Сонымен бірге, ақылы автотұрақ жүйесі жол-көлік оқиғаларының санын 70-80%-ға, ал тұраққа жүктемені 40-50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Ақылы автотұрақты ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Автотұрақ 250 көлікке есептелген, соның 9-ы мүмкіндігі шектеулі жүргізушілерге және 20 орын ресми таксомоторлық кәсіпорындардың өкілдеріне арналған.

Алғашқы 30 минут үшін ақы алынбайды, көлікті екі сағатқа дейін қалдыру – 200 теңге, 12 сағатқа дейін – 1000 теңге, 24 сағатқа – 1800 теңге, автотұрақ қызметін екінші тәулік пайдаланғаны үшін 2000 теңге алынады. Сонымен бірге, вокзалдың аумағында 100 орынға арналған баламалы тегін автотұрақ жұмысын жалғастырады.

Автотұраққа көлік құралын орналастыру үшін төлем паркоматтарының көмегімен іске асырылады, олар теміржол вокзалының ескі және жаңа ғимараттарының аумағында орналасқан. Автотұрақ билетін жоғалтқан жағдайда көлік иелері ASTRA Park әкімшілігіне (ескі теміржол вокзалының екінші қабатында) жүгіне алады.

Ақылы тұрақ жүйесі жұмыс істейтін алғашқы уақытта есеп айырысу ақшалай түрде жүргізіліп, кезек-кезеңмен жүйеге онлайн-төлем, банктік картамен және ұялы қосымша арқылы төлем жасау қызметтері енгізіледі.

Вокзал маңындағы автотұрақ аумағы түгелдей бейнебақылау камераларымен жабдықталған, аумақтағы тәртіпті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қадағалайды. Ақылы тұраққа кіре берісте уақыт пен қозғалысты тіркегіш автоматты жүйе және нөмер белгілерін автоматты тану жүйесі орнатылған, бұл көлік құралдарын заңға қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етеді.

Қиындықтар туындаған жағдайда жүргізушілер 574-777 телефоны арқылы немесе паркоматтағы және аумаққа кіретін, одан шығатын жердегі терминалда орналасқан «Операторды шақыру» оперативті пернесін басу арқылы байланыс орталығының операторымен байланыса алады.

 Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Фото arnapress.kz-тен

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0