Еуропа елі үй жануарларын қарау үшін ақылы демалыс беруді бекітті 

Еуропа елі үй жануарларын қарау үшін ақылы демалыс беруді бекітті 
11-сәуір. Turaninform. Италия әлем бойынша алғаш болып, үй жануарларын бағып-қағу үшін ақылы демалыс беруді бекітті. Ел парламенті қолдаған тиісті заң, келесі айдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ANSA ақпарат агенттігі мәлім етті. – Миллиондаған итальяндықтар үшін үй жануарлары – отбасының толыққанды мүшесі, – деді Италия премьер-министрі Джорджа Мелони.
 Заңға сәйкес, егесі жылына үш мәрте ақылы демалыс алуына болады: иті немесе мысығы ауырып қалса, жарақат алса. Әрине, ветеринарлық дәрігердің растауымен… Мұндай жағдайда, жалақының 75%-ы сақталады.
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0