Әлемнің ең қауіпті елдерінің ішінде Еуропаның бір мемлекеті жоқ…

Әлемнің ең қауіпті елдерінің ішінде Еуропаның бір мемлекеті жоқ…

11-қаңтар. Turaninform. Жер жүзі бойынша барсакелмес, яғни, барсаң, аман-­есен қайтуың неғайбыл елдердің қатарына Сирия, Ауғанстан, Йемен, Бурунди, Чад, Нигер, Орталық Африка республикасы, Оңтүстік Судан, Сомали кіріпті. Ең қауіпті мемлекеттердің қатарында Орталық Африка республикасы бірінші орында екен. Тізімді Канаданың туризм агенттігі түзген. Бұл туралы vesti-ukr.com хабарлады.

Азамат соғысы, теракт, басқа да түрлі келеңсіздіктер, жантүршігерлік оқиғалар аталған елдердің қауіпсіздік деңгейін төмендетіп отыр. Еуропа бойынша бірде-бір елдің болмауы да, ондағы саяси-­экономикалық жүйенің, азаматтық қоғамның, саяси демократияның адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындай түссе керек…

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0