13-қаңтар. Turaninform. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып келген Марат Тәжин орнынан босатылды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі» (bnews.kz).
М.Тәжин кезінде ҚР Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және т.б. қызметтерді атқарған.
ПІКІРЛЕР