Қытайдан жол тартқан жүк пойызы 12 000 км жол жүріп, Лондонға жетті

Қытайдан жол тартқан жүк пойызы 12 000 км жол жүріп, Лондонға жетті

 19-қаңтар. Turaninform. Лондонға (Англия) жету үшін 18 күн уақыт кеткен көрінеді. Қытайдың 68 контейнерлік тауарын тиеген жүк пойызы Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия Бельгия, Франция, әрі қарай Еуротоннель арқылы Ла-Манш бұғазын кесіп өтіп, Лондонға жеткен. Бұл туралы www.segodnya.ua хабарлады. Қытай үкіметі мұны «Жаңа Жібек жолы» деп те атапты.

Қытайдан Лондонға темір жол арқылы жеткен алғашқы жүк пойызы тасымал жағының шығыны бойынша да арзандау екен. Мәселен, ұшақпен апарғаннан 5 есе арзан делінген.

Біз де сауда­-экономикалық тиімді мүмкіндіктер болса, елге зиян тимейтін жағын да ұмытпай, пайдаланғанымыз жөн…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0