АҚШ, Еуроодақ әуе соққыларының 94%­-ы «Ислам мемлекетінің» нысандарына дөп тиген, ал, Ресейдікі…

АҚШ, Еуроодақ әуе соққыларының 94%­-ы «Ислам мемлекетінің» нысандарына дөп тиген, ал, Ресейдікі…

14-ақпан. Turaninform. «Ислам мемлекеті» атты террорлық топпен Сирияда АҚШ, Еуроодақ, Түркия, Ресей мемлекеттерінің де әскери күштері күрес жүргізіп жатқаны мәлім. Бірақ, нәтижесі қандай? 53-Мюнхен конференциясында келтірілген мәліметке қарасақ, 2016-­жылы АҚШ, Еуроодақтың әуеден жіберген соққыларының 94%­-ы «Ислам мемлекетінің» нысандарына дөп тиген. Түркияныкы 73%. Ал, Ресейдікі 20%! Бұл туралы segodnya.ua хабарлады. Сонда ресейлік әуе күштерінің тастаған бес бомбасының тек біреуі ғана «Ислам мемлекетіне» тиген болып шығады! Қалғаны қайда кетті?.. Түркияға «байқамай» тигізгеніндей, енді басқа елдерге де тиіп кеткісі келе ме?.. Қанша бейбіт тұрғындар сол қателіктің құрбаны болды және зардабын шекті деген заңды сұрақ та өз жауабын күтеді.

Ресейлік биліктің «Ислам мемлекетімен» өзіміз ғана нәтижелі соғысып жатырмыз дегенге саятын мәлімдемесі бар еді. Енді бұған не дер екен?

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0