19-ақпан. Turaninform. Украина президенті Петр Порошенко Мюнхен конференциясында ресейлік билікті тағы да сынады. П.Порошенконың ойынша, РФ президенті В.Путин Украинамен тоқтайды деу аңғалдық болмақ.
– Тағдырымызға өзгенің араласуына ешқашан да көнбейміз. Сыртымыздан жасалған келісімді миллиондаған украиндықтар қабылдамайды және олар Украинаны қорғай алатындықтарын дәлелдеді. Нені болмасын сыртымыздан пішу – жағдайды ушықтырады! Ресейді тоқтату қажет және әлемдік тәртіпті сақтауға мәжбүрлеу керек…Украинаны қолдау – әлем және Еуропа қауіпсіздігін сақтаудың ең арзан жолы, – дейді П.Порошенко.
Фото timenews.in.ua-дан алынды
ПІКІРЛЕР