22-қаңтар. Turaninform. АҚШ президенті Д. Трамп Украина бойынша арнайы өкілі К. Келлогке Ресей-Украина соғысын 100 күн ішінде тоқтату туралы тапсырма берді. Ал, өзі келіссөзді қолға алмақ екен. Мұның алдында ол бір тәулік ішінде тоқтататынын бірнеше рет айтқан еді.
Украина президенті В. Зеленский болса, Давос форумында Вашингтон тарапын да сынап өтті. Ол қару-жарақтармен қамтамасыз етуде АҚШ-тың үлесі азайып кеткеніне қапалы. Әрі Еуропа АҚШ үшін үшінші орынға сырғығанын да айтты.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР