20-ақпан. Turaninform. Қазгидрометтің болжамына қарағанда, «қар мен боран шығысқа қарай кетеді». Алдағы күндерде аяз алыстап, күн ашық болатындай.
«Қар жаудырып, боран соқтырған, атмосфералық фронтар Қазақстан аумағынан кетіп барады. Олардың орнына республиканың көптеген облыстарында 22 және 23 ақпанда ауа-райын анықтайтын антициклон келеді. Қазақстан аумағының көбінде аз бұлтты, ауа температурасы климаттық мәндерден 3-6 ° С жоғары болатын, жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде» делінген kazhydromet.kz сайтында.
Болжам 21-23 ақпанға арналған.
ПІКІРЛЕР