Қанат Исламның салмағында талантты да тәжірибелі боксшылар көп болған және әлі де бар…

Қанат Исламның салмағында талантты да тәжірибелі боксшылар көп болған және әлі де бар…

Соңғы онжылдықтың өзінде Қанат Исламның салмағында (69, 85 кг), оның айналасындағы салмақтарда да өте талантты, тәжірибелі, табиғатынан дене-бітімі чемпиондыққа “сұранып” тұрған боксшылар көп болған. Басқа алыстау салмақтармен салыстырғанда. Атап өтсек:

  1. Кіші Флойд Мейвезер;
  2. Мэнни Пакьяо;
  3. Хуан Мануэль Маркес;
  4. Рикки Хаттон;
  5. Шейн Мозли;
  6. Артуро Гатти (2009 ж. кайтыс болды);
  7. Диего Корралес (2007ж. қ.б.);
  8. Оскар Де Ла Хойя;
  9. Заб Джуда;
  10. Сауль Альварес;
  11. Мигель Котто;
  12. Костя Цзю деп әрі қарай да жалғастыра беруге болады.

Бұлардың қай-қайсысы да бірінен­-бірі өткен талантты, тәжірібелі, әртүрлі нұсқада чемпион болған боксшылар. Әрі жоғарыда аталғандардың ішінде әлі де чемпиондары бар. Қатарларында қайта оралуы мүмкін делінетін боксшы да жоқ емес… Әрине, олардың ішінен де ерекше таланттысы деп Флойдтың кішісін бөлек атауға болады. Кәсіпқойда шамамен 19 жыл бокстасып, мүлде жеңіліп көрмеген! P4P рейтингінде бірінші орыннан құламай боксты тастаған! Абсолютті чемпион күйінше бокстан кеткен.

Бокстың абыройын сақтап, “берекесін” кіргізіп тұрған салмақтар да осы немесе көбіне сол салмақтардағы боксшылар. Бокс қана емес, бүкіл спорт тарихындағы ең қомақты ақша тігілген және ұтқан да сол салмақтардағы боксшыларға тиесілі.

Қазір бірінші орта (69, 85 кг), жартылай орта (66, 7 кг) және бірінші жартылай орта (63, 5кг) салмақ дәрежелерінде Сауль Альварес, Мэнни Пакьяо, Мигель Котто, Әмір Хан, Маркос Майдана, Дэнни Гарсия т.б. санаулы болсын жақсы, мықты боксшылар бар. Бірақ, бұрынғыдай емес, аз.

Әрине, Қанат бауырымыздың 23 жекпе-жек өткізіп, соның бәрінде жеңіске жетуі, әрі оның 19-ын нокаутпен аяқтауы – оның әлеуетін де байқатып тұр… Дегенмен, абсолютті чемпион деңгейіне жету үшін әлі де үлкен асуларды бағындыруы керек екені сөзсіз. Олай болса, “Маған “Канело” (Сауль Альварес – Қ.Н.) мен Коттоны беріңіздер, менің үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді” деген Қанат бауырымызға сол ортаға абыроймен жетуге мүмкіндік туып тұр. Тағы да сәттілік дейміз де…

 Құрманғали Нұрғалиев

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0