Қысқы Олимпиялық ойындар: Еуропа елі бірінші орында келеді

Қысқы Олимпиялық ойындар: Еуропа елі бірінші орында келеді

9-ақпан. Turaninform. Италияда XXV Қысқы Олимпиялық ойындары бастала сала, түрлі күтпеген оқиғалар болып жатыр. Мысалы, 40 жастағы австриялық сноубордшы К. Бенжамин олимп биігін бағындырып қана қоймай, осы уақытқа дейін тіркелгендердің ішіндегі ең жасы үлкен Олимпиада чемпионы атанды. Ал, 41 жастағы АҚШ-тың тәжірибелі тау шаңғышысы Л. Вонн 13-секундта құлап, ойыннан шығып қалды. Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы әбден мүмкін. Дегенмен бұл жарыста 1-орынды бәрібір АҚШ спортшысы алды.

Командалық есепте Норвегия құрамасы 1-орында келеді: 3 алтын, 1 күміс және 2 қола. Екіншіде, әзірге екі алтынмен АҚШ тұр. Уақытша үштікті 9 медальмен Италия жауып тұр.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0