Қырымның «қайтарылуына», ғылымының жетістігіне риза ресейліктер көп емес

Қырымның «қайтарылуына», ғылымының жетістігіне риза ресейліктер көп емес

5-наурыз. Turaninform. Ресейде биылғы қаңтарда жүргізілген сауалнама нәтижесі 1999-жылмен салыстырғанда көптеген тақырыптарға қатысты ресейліктердің ой­-пікірі, ұстанымы өзгергенін айқындап отыр. “Левада-Центр” жүргізген сауалнамадағы сұрақтардың бірінде – «Ел тарихындағы сіздің бойыңызда мақтаныш сезімін тудыратын не?» делінген. Сол сұрақтың ішінде де түрлі тармақтар бар. Соның біршамасының нәтижесін ұсынғанды жөн көрдік. Төменде бірінші тұрғаны 1999-жылдың сәуіріндегі нәтиже болса, екіншісі биылдың қаңтар айыныкы.

Орыстың адамгершілік сипаты:

45%     23%

Ресейлік ғылымның жетістігі:

52%     32%

Орыс қаруының қуаты:

35%     26%

Путин тұсындағы елдегі тұрақтылық пен экономикалық өсім:

–          18 %

Ресей Федерациясы құрамына Қырымның қайтарылуы (сондағы сұрақ бойынша – Turaninform):

–           43%

Сауалнама нәтижесі 18 жылдай уақытта Ресей қоғамындағы өзгерістен хабар берумен қатар, Қырымды «қайтаруына» 50%-ға да жетпейтін жұрттың қуанатынын білдіріп тұр. Экономикалық жағдайына көңілі толмайтындар да әжептәуір екені байқалады.

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0