Мұнай бағасы қаңтар айымен салыстырғанда 10%-дан аса төмендеді

Мұнай бағасы қаңтар айымен салыстырғанда 10%-дан аса төмендеді

9-наурыз. Turaninform. Биыл қаңтар айының басында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы $58,37­-ге дейін көтерілген болатын. Бұған ОПЕК пен басқа да мұнай өндіруші елдердің өзара келісімі әсер еткен еді. Бірақ, қайта құлдырап, бір көтеріліп…тағы да төмендеп барады.

Бүгін Brent маркалы мұнай бағасы 52 АҚШ долларынан да төмендесе, WTI – $49,37­-ге дейін құлдырады. 2016-­жылдың желтоқсан айынан бергі төмен көрсеткіш. Қарапайым ғана есепке салсақ, қаңтар айының басындағы бағамен салыстырғанда, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 10%-дан аса төмендеген.

Бұлай құлдырауына АҚШ-­тағы мұнайдың коммерциялық қорының әжептәуір артуы әсер етті дейді кей сарапшылар. Сонымен қатар, Saxo Bank сарапшысы Оле Хансеннің ойынша, мұнай бағасының төмендеуіне трейдерлердің мұнайдың әрі қарай қымбаттауына деген ендігі сенбеуі де әсерін тигізген.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0