9-сәуір. Turaninform. Freedom House халықаралық ұйымының мәліметінше, ТМД-да Украина мен Қырғызстанда демократиялық көрсеткіштер жоғарылау. Тіпті Украинада салыстырмалы түрде алғанда Қырғызстаннан да әжептәуір жоғары: 4,61. Мәселен, Қырғызстан 6 деген баға алған. Қазақстанға 6,64 қойыпты. Төмен баға. Тәжікстанмен бір қатарда тұр. Ресей (6,57) мен Беларусь елдеріне (6,61) бізден жоғарылау баға қойылыпты.
Бағаны 1-7 арасында қояды. Ең жоғары – 1, ең төмені – 7.
Freedom House зерттеуі 29 елді қамтиды: бұрынғы КСРО, Орталық, Шығыс Еуропа, Балқан елдері.
ПІКІРЛЕР