28-мамыр. Turaninform. 1997-жылдың мамыр айында НАТО мен Ресей арасында өзара қарым-қатынас, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы актіге қол қойылған еді. Бұл тарихи маңызы бар оқиға болатын. Енді бұның тоқтағаны туралы НАТО-ның баспасөз хатшысы Оана Лунгеску Twitter әлеуметтік желісіне жазған. Себеп: Ресейдің Украинаға қатысты агрессиялық сипаттағы әрекеті деген. Бірақ, «Диалог жалғасуда» дегенді де қоса кетіпті. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады. Ал, НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзіне қарасақ, Ресейге қатысты диалогқа апарар пікірде екені байқалады…
Украина мен Ресей арасындағы саяси-экономикалық кикілжің, тартыс екі елге ғана зиянын тигізіп қойған жоқ. Оның үстіне екі ел арасындағы ауыр жағдайдың қыртысы қалыңдап кетті. Қыртыстың қалыңдауына Украинаның НАТО-ға мүше болу ниеті де себеп болып отыр. Мұндай ой Ресей билігіне қорқынышты түсті өңінде көргенімен бірдей. Сондықтан мұндай жағдайда НАТО-Ресей қарым-қатынасы жыли қояды деу тіптен қиын.
ПІКІРЛЕР