Бүгін Черногория Туы НАТО мүшесі ретінде көтерілмек…

Бүгін Черногория Туы НАТО мүшесі ретінде көтерілмек…

 Черногория осы аптаның дүйсенбісінде НАТО-­ға қосылу туралы актіні аталған ұйым бас хатшысының орынбасары Томас Шэннонға салтанатты түрде табыстаған болатын. Соған сәйкес, бүгін альянсқа мүше елдердің Туларының қатарына қосылады немесе Черногория Туы Брюссельдегі НАТО штаб-­пәтерінде көтерілмек.

Черногорияның ресми түрде мүшелікке өтуі – маңызды саяси оқиға. Соған жауап ретінде Ресейдің экономикалық қысымы да артуы мүмкін. Бұған дейін НАТО-­ның 29-мүшесі Черногорияның Ресейге бірден­-бір экспорты – мыңдаған шараптары тәркіленді. Черногорияның туризм ісі де ауыр соққы алуы мүмкін. 2016-жылы Черногорияға барған ресейлік туристердің саны 283 мыңдай болыпты! Халқы бір миллионға да жетпейтін, жері кішкентай ел үшін бұл жақсы экономикалық табыс көздері еді. Енді бұдан айырылса немесе күрт азайса, Черногория үкіметі қандай саясатқа көшеді?.. Қазіргі ресейлік билік осындай осал тұстары бар Черногорияны әрі қарай әлсіретпей, ағайын ұлт деп басынан сипай қоюы екіталай.

Сонымен қатар, НАТО-­ның Черногорияны да өз ортасына қосуы – Ресейдің әлсірегеніне көзі жеткендіктен болса керек. Себебі, бұған дейінгі НАТО-­ның кеңеюі 2008-жылы болған. Мұны бір десек, екіншіден, бұрынғы социалистік елдерді өзіне қарай тарту үдерісінің жалғасуы – АҚШ бастаған Батыс елдерінің мүддесі Ресеймен түйіспейтінін тағы бір дәлелдей түседі. Енді Украина мен Грузия кірсе, бұны әлемдік деңгейдегі геосаяси өзгеріс, жаңа бетбұрыс деп атауға келетіндей…

 Құрманғали Қалмахан   

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0