12-желтоқсан. Turaninform. Өкілдер палатасының мүшесі, Д. Трамптың үзеңгілес серігі Т. Масси АҚШ-ты НАТО-дан шығаратын заң жобасын Конгреске қарауға ұсынды. “Құрама Штаттар НАТО-дан шығып, соған кететін қаржы елімізді қорғауға жұмсалуы тиіс”, – деді ол. Құжатта Солтүстік альянсының құрылу себебі, КСРО-ның Шығыс Еуропадағы саяси және әскери күштерімен теңестіру болғанын, бірақ, Кеңес Одағы 1991ж. құлағаны, яғни әрі қарай ұстаудың мәні жоқ еді дегенге келтіреді.
Бүгінгі күні Альянс бюджетінің жартысынан астамы АҚШ-қа тиесілі. Әрі АҚШ-сыз НАТО-ны елестету мүмкін емес.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР