Адамзаттың ардақтысы – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.): «Дінсіздердің арасында жүріп дін ұстану – дін үшін күрескенмен тең» делінген хадисі бар. Өткен ғасырда дінге қарсы, дінсіз қоғам қазағымыздың да басынан өтті. КСРО кезінде. Оны білеміз.
Сол кеңестік тұстың өзінде Жамбыл атамыз дінінен алшақтамай, дүниеден қайтарында: « …Айтпақшы, алдымен менің денемді молдаларға беріңдер, мен Құдайға, дінге қатты сенген адаммын. Сол молдалар жаназамды шығарсын», – деген екен.
Діншілден дінсіз қоғамға өтсе де иманнан таймау – әр адамның қолынан келмейді. Бұл жерде әңгіме Ислам дініне қатысты.
Құрманғали Қалмахан
Фото оld.el.kz-тен
ПІКІРЛЕР