22-тамыз. Turaninform. Әлемнің жеті мемлекеті – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Венгрия, Польша, Түркие және Испанияда өкпе обырына қарсы егу сынағы басталды. Тіпті Ұлыбританиядағы емделуші бірінші болып вакцинаны алып та үлгірген. Бұл вакцинаның бір артықшылығы, қай жерде обыр жасушасы бар, сол жерді ғана көздейді. Егер, сынақтан жақсы өтсе, әлем бойынша өкпе обырын емдеудің тәсілі ретінде енгізіледі.
Аталған ауру жыл сайын шамамен 1,8 миллион адамның өмірін жалмайды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР