11-маусым. Turaninform. Мемлекеттің досы бола ма, әлде У. Черчилль айтқандай, тек мүдде бола ма, бұл басқа әңгіме. Дегенмен, ресейлік Левада-орталық сараптамалық қызметі сауалнама арқылы Ресейдің бес «досын» іздепті. Сауалнамаға қатысқандар Ресейдің бес «досының» қатарына Қазақстанды да қосқан. Сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы елімізді досы, «одақтасы» санайды. Сонымен Ресейдің бес «досы» төменде…
- Беларусь – 46%;
- Қытай – 39%;
- Қазақстан – 34%;
- Сирия – 15%;
- Үндістан– 14%
2015-жылы Беларусьтің «достығы» 55%-ға жеткен. Демек, сол жылмен салыстырғанда биыл 9%-ға «арзандаған» болып шығады… А. Лукашенко В. Путинге қарата көбірек сөйлеп жібергендей еді. Соның қорытынды есебі осы шығар…
ПІКІРЛЕР