АҚШ-тың ширек ғасырдан бері алғаш рет Ресей күнімен құттықтамауының сыры неде?..

АҚШ-тың ширек ғасырдан бері алғаш рет Ресей күнімен құттықтамауының сыры неде?..

14-маусым. Turaninform. Америка Құрама Штаттары 25 жылдан бері алғаш рет Ресей күнімен құттықтамаған. Ресейдің АҚШ-­тағы елшілігінің өкілі Николай Лахонин мұны растай отырып, соңғы ширек ғасырдан бері бірінші рет болып отырғанын мәлім еткен.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон Америка Құрама Штаттары мен Ресей қарым­-қатынасы нашарлап бара жатқанын мәлімдеп, тұрақтандыру қажет екенін де қоса кеткен. Екі ел арасының алшақтауында Украина, Сирия мәселелерінің әсері зор болды. Бұған АҚШ­-тағы Президент сайлауына қатысты мәселе де қосылып кетті.

Енді қалай боларын АЛЛА біледі. Бұл жолы АҚШ Ресейді әлсіреді деп санап, соның белгісін білдіргендей… Ал, Ресейдің тоталитарлық жүйеде тұруы, сол жүйедегілерді қолдауы да араны жақындата қоймас. Дегенмен, екі мемлекет – АҚШ пен Ресей арасы бұрын тым жақсы болмаса да қазіргіден тәуір болатын. Бейбіт өмір барша адамзат үшін құнды-ақ…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0