Ресейдің Украинаға агрессиялық соғыс ашқанына 4 жыл…

Ресейдің Украинаға агрессиялық соғыс ашқанына 4 жыл…

24-ақпан. Turaninform. Осыдан 4 жыл бұрын Ресей Украинаға толық деңгейде соғыс ашты. Мұның алдында жылдар бойы гибридті соғыс жасаған болатын. Содан бері әлемдік саяси қауымдастықта да түрлі өзгерістер бооды. Кремль соғыс ашу себебін Украина билігін нашақорлар, алаяқтар алды, (өз ойларынан шығарылған) ұлтшылдықпен күресу, орыстардың құқығын қорғаумен байланыстырды. Әрі НАТО-ны әрі қарай шегіндіру көзделді. Бірақ, нәтижесінде, ондаған жылдардан бері бейтарап саясат ұстанған Финляндия мен Швеция Солтүстік Альянсқа енді. Осылайша, НАТО-Ресей шекарасы екі есе ұзарды.

Әлемдік өркениетті қауымдастықтан оқшауланды. Бұған дейін еш ел көрмеген сұмдық санкцияға ұшырады. Ресей өз-өзін стратегиялық қақпанға түсірді.
Кремльдің әскери шығындары Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған деңгейге жетті. Уақытқа шаққанда, басып алған жері де аз.
Ал, 24 ақпанға сәйкес, төрт жылдағы Ресейдің бірсыпыра әскери шығындары осындай:
● 1 261 420 әскерінен айрылды: өлу және ауыр жарақат алу күйінде;
● 435 ұшақ;

● 348 тікұшақ;
● 11 698 танк;

● 37560 артиллерия жүйесі;
● 24086 әскери бронемашина;
● 79826 автокөлік, автоцистерна;
● 145571 ұшқышсыз ұшатын аппарат;
● 1305 әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасы және т.б. жойылған.
Осы соғыстың өзінде Ресей халықаралық құқықтарды, арнайы бекітілген соғыс ережелерін өрсекел бұзып келеді. Бейбіт нысандарды атқылаған үстіне атқылауда. Адамдарды ұрлау, заттарын ұрлау т.с.с. оқиғалар жаға ұстатарлық деңгейде өсіп келеді.

Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0