Әлем бойынша босқындар саны артқан

Әлем бойынша босқындар саны артқан

21-маусым. Turaninform. БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттік мәліметінше, босқындар саны 2016­-жылы 65,6 млн адамға жеткен! Бұл 2015­-жылмен салыстырғанда 300 мыңға көп.

Бір Сирияда мәжбүрлі түрде қоныс аударушылардың саны шамамен 12 миллион адам болған! Оның 6,3 миллионы ішкі қоныс аударушылар. Аталған көрсеткіш бойынша Сирия әлем бойынша бірінші орында тұр! Екінші Ауғанстан. Бұл мемлекеттегі босқындар саны 2,5 млн. Үшінші орында болса, соғыс, қырғын тоқтамай жатқан Оңтүстік Судан тұр. Ондағы босқындар саны 1,4 млн.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0