8-ақпан. Turaninform. Өткен жылдың аяғында украиналық босқындар саны 7 миллионға жуықтаған. БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігінің мәліметі осындай. Мұның 6,254 миллионы Еуропаға табан тіреді. Олардың көбісі Германия мен Польшада: 2,2 млн. Ал, жарты миллионнан аса украиналық әлемнің басқа аймақтарына шашырап кеткен.
Украинадан ағылған жұрттың әзірге тоқтайтын түрі байқалмайды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР