«АҚШ – Қазақстан» халықаралық конференциясы өтті

«АҚШ – Қазақстан» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «АҚШ – Қазақстан» тақырыбында жоғарғы деңгейдегі халықаралық конференция өтті. Келелі жиын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының дипломатиялық қарым-қатынастарына арналды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және ҚорыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, ҚР АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Конференцияның жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовакелелі жиын екіжақты өзара іс-әрекетті одан әрі дамытудың басымдықтарын талқылауға және бірлескен күш-жігер жұмсалатын жаңа салаларды іздеуге арналған сұхбат алаңына айналғанын ерекше атап өтті.

  • АҚШ-пен конструктивті қарым-қатынас – қазақстандық дипломатияның табысты тарихының ажырамас бөлшегі. Елбасымыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан АҚШ-пен қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударады. 25 жыл бұрын 1992 жылдың мамыр айында оның алғашқы АҚШ-қа ресми сапары екіжақты байланыс көпірінің негізін қалады. Ширек ғасыр ішінде арадағы қарым-қатынас кемелденген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетіп, өзара сенімге, қолдауға және ұлттық мүдделерді құрметтеуге арқау етіледі. Ядролық қарудан бас тарту және  жаппай қырып-жоятынқаруды таратпау– нәтижелі серіктестіктің негізгі тірегінің бірі ретінде қалып отыр. Біз бірлесе халықаралық деңгейдегі бейбітшілікті және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қостық. «Болашақтың қуаты» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 жаһандық мәселелер бойынша сындарлы серіктестіктің айқын көрінісі. Онда жаһандық орнықты даму жолында жаңа технологияларды дамыту талпынысымен біріккен әлемнің 155-тен астам мемлекеті ұсынылған, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Өткен жылы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Бұл уақыттың ішінде қос мемлекеттің арасындағы берік серіктестік беки түсті. 25 жыл ішінде Қазақстан мен АҚШ арасында 70-тен астам шарт жасалған. Ширек ғасырда құрылған бірлескен кәсіпорындардың қатары 400-ден асып жығылды. 2016 жылғы мәліметтерге сүйенсек, қос мемлекет арасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,4 млрд.долларға жетті.

  • Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас қарқын алды. Әр түрлі салалар бойынша бірлескен жобалар бар. Chevron, ExxonMobil компаниялары Қазақстанда талай жылдардан бері қызмет етуде. Олар мұнай өңдеу бойынша 34 млрд. долларды инвестициялауды шешті. Бұл – америкалық компаниялардың Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға деген сенімділігінің бір көрінісі. Біз экономикалық ықпалдастықты кеңейтуді, инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болғандықтан, бұл бағытта да қоян-қолтық байланыс орнатылған. Оның ішінде геосаяси және аймақтағы қауіпсіздік мәселелері бар, – деп өзінің ойын Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың елшісі Джордж Кролбілдірді.

Жиынға ҚР-дағы АҚШ бұрынғы елшілері Джон Ордвей, Элизабет Джонс, Ричард Хоугланд, сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ қазіргі елшісі Джордж Крол, Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Олар өздерінің тұшымды пікірлерімен конференцияның сессияларында бөлісті: «Жаһандық және аймақтық ықпалдастық», «Экономика мен сауда», «Тұлғааралық қарым-қатынас: білім беру, қоғам және мәдениет».

  • Елбасымыздың батыл бастамасымен Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық қару әлеуетінен бас тарту бойынша тарихи шешім қабылдады. Бұл операция АҚШ-пен бірлесе жүргізілді. Техникалық, қаржылық және саяси көмек көрсетілді. Меніңше, бұл қос мемлекеттің әлемдік деңгейдегі бірлік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлкен үлесі. Екіншіден, АҚШ Қазақстанның білім беру саласын ықпалын тигізді. Онда «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандық жастардың көбі оқыды. Бүгін аталған түлектер қос мемлекеттің сұхбатына және бүгінгі жиынға қатысып, нақты нәтижені паш етіп отыр. Экономика, сауда-саттық салаларында байланыс көпірі нығая түскен. АҚШ, әсіресе энергетикалық салада, ірі инвесторлардың бірі саналады, – деп конференцияның маңыздылығына Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов тоқталды.

Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі. Бүгінде Қазақстан АҚШ аймақтық көшбасшысы мен сенімді серіктесі болып отыр. Екі ел арасындағы қатынастар өзара сыйластықтың және ынтымақтастық пен бастамалардың кең аясы бойынша ортақ мүдделердің берік іргетасына негізделген дейдіконференцияға қатысушылар. Жиын барысында экономика мен сауда-саттық, адами капиталды дамыту салаларында жаһандық және аймақтық деңгейдегі екіжақты ықпалдастық мәселелері кеңінен талқыланды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ
Жұртшылықпен байланыс қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0